№1 СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕ ДІН САЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2021 жылдың 09-желтоқсан күні ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарда көрсетілгендей «Жастардың антиэкстремистік санасын қалыптастыруға, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру» бағыты бойынша Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев және «Өнер және спорт» факультеті бірлесе отырып, №1 жатақхана студенттеріне рухани-тәрбие саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қоғамдағы діни экстремизмдік идеяны алдын-алу үшін ең алдымен жастардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру және білімді тұлға ретінде тәрбиелеп қалыптастыруда отбасы мен білім алатын ортасы үлкен рөл атқарады. Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтілді. Студенттер дін саласына байланысты көптеген сұрақтар қойып, оларға толыққанды дінтанулық, құқықтық бағытта жауаптар берілді.

2

Top