2023 жылдың 22 ақпанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Су шаруашылығы» бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті мәжілісі өткізілді.

Мәжілісті Оқу-әдістемелік бірлестік-жобаларды басқару тобының төрағасы «М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ» КЕ АҚ Басқарма төрағасы – Ректор Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы жүргізді. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:

  1. ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру бойынша мамандар даярлау бағыты классификаторына өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Мәлібеков Алдаберген Қадырбекұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік унвиерситетінің академиялық саясат жөніндегі проректор м.а. 2018 жылдың соңында ҚР БҒМ жоғары және жоғарыдан кейін білімді мамандарды даярлау бойынша нормативтік құжаттардың өзгеше жаңа түрлері қабылданды. «Мамандарды даярлау бағыты классификаторы» құрылды, соған сәйкес әрбір ЖОО даярлау бағыты бойынша қолданыстағы БСШ (ОРК) және кәсіби стандарттар негізінде өздерінің білім беру бағдарламаларын (ББ) жасады. Атамекен ҰКП (НПП) ҚР ҰБЖ (НСК) шеңберінде «Су шаруашылығы» біліктілік салалық деңгейі және экономикалық қызмет түрлері бойынша соған сәйкес кәсіби стандарттар жасалды. Яғни, сонымен, бүкіл білім беру жүйесі іс жүзінде бағынуы тиіс ресми түрде «Су шаруашылығы» саласы айқындалды.

ҚР ҰБЖ талаптарына (оның ішінде халықаралық біліктілік жүйесінің талаптары да бар) бағынбай, жаңа «Мамандарды даярлау бағыты классификаторында» қолданыстағы «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» облысы «Су шаруашылығы» бағытынан бөлек, «Ауыл шаруашылығы және суды пайдалану» саласына тағы да бір «Су ресурстары және суды пайдалану» даярлау бағыты қосылған (ол іс жүзінде су шаруашылығы саласының субъектісі болып ғана табылады). Осының нәтижесінде су шаруашылығы саласының екі бағытқа бөлінуі орын алып отыр (ҚР ҰБЖ негізгі іргелі талаптары бұзылған!). Сонымен қатар, ҚР БҒМ бұйрығымен су шаруашылығы бағыты бойынша әртүрлі екі ЖОО екі оқу-әдістемелік бірлестігі құрылған!!! Бұл қателікті түзету қажеттілігі туралы біздің ЖОО ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі (бұл министрлік құрамына Су ресурстары комитеті енеді) және Атамекен ҰКП келісу бойынша ҚР БҒМ бірнеше рет сұрау салынды.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, «Су шаруашылығы» даярлау бағыты ОӘБ ҚР РОӘК мынадай ұсыныстар жасайды:

  1. ҚР Ұлттық біліктілік жүйесі талаптарына сәйкес келтіру мақсатында «Жоғары және жоғарыдан кейін білім беру бойынша мамандар даярлау бағыты Классификаторына» өзгерістер енгізу. Нақтылап айтар болсақ, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» білім беру саласы «Су ресурстары және суды пайдалану» даярлау бағытын «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» облысындағы «Су шаруашылығы» даярлау бағытымен біріктіру.
  2. «Су шаруашылығы» даярлау бағытында келесі «Білім беру бағдарламалары тобын» құру:
  • «Гидромелиорация»;
  • «Сумен қамтамасыз ету және суды бұрып әкету»;
  • «Гидротехникалық құрылымдар және су ресурстарын басқару».
  1. Қабылданған ұсынысты ҚР ғылым және жоғары білім Министрлігіне «Жоғары және жоғарыдан кейін білім беру бойынша мамандар даярлау бағыты Классификаторына» түзетулер енгізу үшін бағыттау.
  2. Канада және АҚШ жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты жүргізу, бірлескен қос базалық оқыту бағдарламаларынжасау бойынша Дулати университеті атынан өкіл тағайындау.Баяндамашы: Сагинтаев Жанай Матаевич, Мичиган Университеті, геоғылымдар департаментіжәне М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті профессоры. Баяндамада жалпы Қазақстан Республикасы мен АҚШ, Канада арасындағы кәсіби және жоғары білім туралы айырмашылықтар, білімнің кәсіби тұрғыда іске асыру мәселесі, университет пен колледж байланыстары, ҚР колледжді аяқтаған соң жұмысқа тұру динамикасы, себептері, колледждер мен университеттердің нашар техникалық қамтылығы туралы айтты. ҚР колледждерінің тек қана 50% ғана білім беру мен кәсіби практика өткізу үшін заманауи қондырғылармен жабдықталған. Оқу бағдарламалары мен жұмыс берушілердің талаптары арасында едеуір айырмашылық бар. Колледждерде дуальді білім беру жүйесін енгізу қиыншылықтары кезедеседі. Мекемелер колледж және университеттермен байланысы төмен деңгейде. Қазіргі уақытта дуальді бағдарламаларға білім алушылардың 19% қамтылған. 2020 жылы оқу аяқтаған колледждің 144 мың түлегінен 56 мыңы жұмысқа тұра алмаған (оның ішінде 14-15 мың (шамамен 10%) ЖОО оқуға түскен. Білімнің практикамен байланысын, университет, колледждердің халықаралық орталықтармен байланысын үдету керек.

ҚР ЖОО, оның ішінде Дулати университетіне АҚШ, Канада тәжірибесін пайдаланып, дуальді оқыту жүйесін құру, оқыту үдерісне TVET-оқыту мен сертификаттау жүйесін енгізу. ПОҚ онлайн курс жасау бойынша білімін ұштауы тиіс. Білімін ұштаған ПОҚ АҚШ, Канада, Германия оқытушыларымен бірге бірлескен курстар құрады. Қазақстан, АҚШ, Канада, Германия мекемелерінде практикалық сабақтар өткізу керек, Халықаралық кәсіби техникалық сертификаттау іске асады. Жобалық қаржыландыру арқылы бизнес жоспарлауға, нәтижелік бағдарламаларға (PforR) оқыту. ПОҚ біліктілігін көтеру мақсатында Бүкіләлемдік Банк Гарвард және Массачуетс университеті дайындаған EdX платформасында, жаппай онлайн-курсқа арналған ірі ресурстардың бірі Open edX – онлайн-оқыту модульдерін құруды ұсынады.

Жалпы алғанда, мені Канада және АҚШ жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты жүргізу, бірлескен қос базалық оқыту бағдарламаларынжасау бойынша Дулати университеті атынан өкіл тағайындағандарыңызға алғысымды білдіремін. Осы бағытта жұмыс жасаймын.

  1. «Су шаруашылығы» даярлау бағыты бойынша ОӘБ құрамындағы «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Су ресурстарын басқару» және «Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және бұру» білім бағдарламалары (ББ) үшін дайндалған оқулықтар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік және де басқа әдістемелік материалдарды баспадан шығаруға ұсыну. Баяндамашы: Жолдасов Сапарбек Құрақбайұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі. «Су шаруашылығы» даярлау бағыты бойынша ОӘБ құрамындағы «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Су ресурстарын басқару» және «Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру» білім бағдарламалары (ББ) үшін дайындалған, алдын 2-3 рет баспадан шыққан, қазіргі уақытта сұраныс болып отырған оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары және де басқа әдістемелік материалдарды баспадан шығаруға және «ҒжЖБМ рұқсат етілген» грифте оқу үдерісіне енгізу үшін бекітуге ұсыныс жасаймын:

1) Сейтасанов И.С., Жолдасов С.Қ. Су алу тораптары. Оқу құралы. – 145 б.

2) Сейтасанов И.С., Джолдасов С.К. Водозаборные гидроузлы. Учебное пособие. – 145 с.

3) Әбдіраманов Ә.Ә., Жолдасов С.Қ. Гидравлика (Лабораториялық практикум). – 155 б.

4) Әбдіров М., Балгерей М.А., Кариев Д.А. Гидротехникалық құрылымдар (Лабораториялық практикум) – 122 бет.

5) Койбаков С.М. Проблемы эксплуатации гидротехнических и мелиоративных объектов в сложных природно-климатических условиях (Монография). – 254 с.

6) Жұрымбаева Р.А. Мелиоративтік жүйелердегі гидротехникалық құрылымдар (Оқу құралы). – 104 б.

7) Әбдіраманов Ә.Ә. Гидравлика (оқулық). – 472 б.

8) Мыржықбаев Б.М., Викторов С.В., Жұрымбаева Р.А., Қойшыбаева Г.Ж., Сүйенішбаева Қ.Т., Мыржықбаева А.Б. Сорғылар және сорғы станциялары (Оқу құралы). – 160 б.

9) Сенников М.Н. Оптимизация технических мероприятий, определяющих эффективную эксплуатацию оросительных систем. Учебное пособие. – 310 с.

10) Шилібек К.Қ. Топырақтың экологиялық күйін суда еритін полимерлерді пайдаланып жақсарту (монография). – 151 б.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ жанындағы «Су шаруашылығы» бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі мәжілісі Мичиган университетінің (Канада – АҚШ); «Гидротехникалық құрылымдар қауіпсіздігі бойынша халықаралық оқу орталығы»; «Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-гі; Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда университетінің; Қазак ұлттық аграрлық зерттеу университетінің; Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың; Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің; М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университетінің; Қазақ-Неміс университетінің «Орталық Азиядағы су ресурс-тарын басқару бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы Су бағдарламасы бойынша үйлестірушісінің; ҚР Халыкаралық Аралды қорғау қорының Атқару дирекциясының; Қазақстанның су шаруашылығы қауымдастығының және «Экология, геология және табиғи ресурстар» министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК Жамбыл облысы филиалдарының білікті мамандары қатысқан кеңейтілген отырыс онлайн форматта өткізілді.

Күн тәртібіндегі барлық сұрақтарды қарастыру нәтижесі бойынша шешімдер қабылданды.

2

3

«Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі Жолдасов Сапарбек Құрақбайұлы

«Су ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы Байжигитова Мадина Төреханқызы

Top