«ЖАС МАМАН» бос орындар жәрменкесі

Университетте студенттерді жұмыспен қамту жұмыстары жөніндегі байланыс орнатылған «жоғары оқу орны - кәсіпорын» серіктестігі арқасында жүзеге асырылады. Өндірістік кәсіпорындар жоғары білікті кадрлар даярлауда үлкен көмек көрсетеді. Жоғары оқу орнын бітіруші әрбір түлектің алдында – жақсы, беделді жұмыс табумен қатар келешекте өзін-өзі қамтамасыз ете алу мүмкіндігі бар деген сөз. Бітіруші түлектердің жұ­мысқа орналасу мәселелерін жеңілдету мақсатында жыл сайын бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер бітіруші түлектерді бос орындар және қазіргі еңбек нарығында қажетті мамандарға қойылатын талаптар мен жас мамандарды жұмысқа қабылдау ережелерімен таныстырды.

жас маман1111

жас маман22222

2024 жылы 17 мамырда университетіміздің Жастар сарайында «Жас маман-2024» бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Кафедрамызбен тығыз байланыстағы екемелерден өкіл ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы Сарымбетов Нұрлан Мелдешевич және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік коорпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының департамент басшысы Хамитов Кенже Ильясұлы келіп, бітіруші түлектермен тілдесіп, резюмелерімен танысып, жер қатынастары, жерге орналастыру және жер кадастры саласында жұмыспен қамту бойынша ақпаратпен бөлісті.

Кафедраның аға оқытушысы, магистр Нұралы Ж.У.

 

Top