Тілсіз жау - Су тасқынына көмек

Тарихтағы оқиғалардың да, табиғаттың тосын құбылыстарының да қайталанып тұратыны жазылмаған заңдылық. Соның бірі – су тасқыны екені сөзсіз. Өткенге ой жүгіртсек, елдің есін алған тасқын судың келуі осыдан дәл отыз жыл бұрын (1993-1994 жылдары) болған. Сол кездегі тасқын судың тартқызған зардабы мен тигізген залалы әлі күнге есімізде.

Осынша уақыттан соң қайталанған қауіпті ахуал – сындарлы шақта бір сәт өткеннің тағылымын ойымызға оралтып, санамызда саралауды жөн санадық. Иә, ол мезгілде де біздің «атыраулық» әріптес аға-апаларымыз, журналистер оқиға ортасынан табылып, қолдарына қаламын алып, тосыннан төнген қауіп пен төтелеп келген тасқын судың салған ойранын оқырманға жеткізді. «Тілсіз жаудан» мал-жанды аман алып қалу, үй-жайлары суға кеткен жандарды баспанамен қамтамасыз ету, материалдық, моральдық тұрғыда зардап шеккен, қиындық көрген ағайынның басқа да әлеуметтік мәселелерін шешу бағытында атқарылған жұмыстардың барысын басылым беттерінде жедел түрде жариялап отырды.

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып су тасқынының алғашқы сағатынан-ақ жергілікті тұрғындарға көмек берілуде. Бүкіл қазақ халқы бірден бас көтеріп әр қаладан ерікті топтар құрылып су басқан ауылдарға көмек көрсетуге жолға шықты. Қардың қарқынды еруіне байланысты болған су тасқанынан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуге дайын болды.

ҚР ТЖМ ұйымдастыруымен Атырау облысына су шаруашылығы мамандары шақырылды. Осыған орай Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің ғалымдары да өз көмегін беруге асықты. «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» Институтының «Су ресурстары» кафедрасының PhD докторы Минарбеков Жамалхан Ізтілеуұлы және аға оқытушы, магистр Жоламанов Нұржан Жақанұлы су шаруашылығы мамандары ретінде барды. Облыс төңірегіндегі Жайық өзені бойында атқарылған жаға бекіту, бөгеттерді нығайту жұмыстарына сапалы жұмыс жүргізу, су деңгейіне, гидрометриялық жұмыстар жүргізіп өздерінің бағаларын берді.

су таскыны1111

су таскыны2222

 

 

Top