Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

2023-2024 оқу жылында кафедраның үгіт-насихат жұмыстарын орындаудың жоспарына сәйкес кафедраның доцент м.а. Жатканбаева А.О. және аға оқытушы Есенгельдиева П.Н. мамыр айының 15-і күні Тараз қаласында орналасқан «Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясында» және «О.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектепте» биылғы оқу жылында мектеп бітіруші 11 сынып түлектерімен кездесу өткізілді.

Аталған оқытушылар 11 сынып мектеп түлектерін «Дулати университетінің» «Мелиорация және агрономия» кафедрасында дайындалатын білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Түлектерге бейіндік пәндер, университетте және кафедрада дайындалатын білім беру бағдарламалары және оларға бөлінетін гранттар, су шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларына қажетті мамандар, жұмыс орындары жайлы мағлұматтар берілді.

 16051111

160522222

 

Top