Алматы қаласында өткен «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде» КЕАҚ 2024 жылдың 25-26 сәуірде XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға «Мелиорация және агрономия» кафедрасынан «6В08612-Мелиорация және суғармалы егіншілік» және 6В08112-Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
«6В08612-Мелиорация және суғармалы егіншілік» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Аманкелді Жансая 3 орын иегері болып атанды. Студенттерге жетекшілік еткен кафедраның екі аға оқытушысы Даулетбай С.Д. және Маймақова А.К. «ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректордың алғыс хатымен марапатталды.