Қайырымдылық – мейірімділіктің іс- жүзіндегі бір көрінісі. Макулатура-қағаз өндірісінің пайдаланылған өнімі, яғни жаңа өнім алу үшін қайта өңдеуге жататын түрі. Бұл дегеніміз - жаңа дәптерлер, оқулықтар, кітаптар, журналдар. Акциямыздың негізгі мақсаты студенттердің тұрмыстық қалдықтар проблемасы және оларды қайта өңдеу, қайта пайдалану әдістері туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету болып табылады.
Бұл іс-шара жастарды экологияға баулу мақсатында, институтымыздың 9 кафедра және директоратқа қоқыс жәшіктер қойылды. Сондай- ақ, қоқысты кәдеге жарату мәселесін шеше отырып, «Қалдықсыз болашаққа қадам бастайық» атты, эко акциясын ұйымдастыра отырып «Үміт балалар» үйіне сауапты-іс жасауға сіздерді шақырамыз. Эко-акциямыздың қорытындысы бойынша студенттер «Үміт балалар» үйіне шағын концерт ұйымдастырылып, түрлі ойыншықтар, тәттілер керекті заттарын таратылды. Қоқысты жерге тастау – бұл қазіргі қоғамдағы тұрмыстық мәдениет деңгейінің сипаттамасы. Алайда қоқыс жәшігі де проблеманың шешімі емес, бірден-бір дұрыс жол – қайта өңдеу. Планетамыз шексіз емес, осыны ескере отырып қоқыс мәселесіне бүгіннен бастап назар аударуымыз қажет, өйткені планетамыздың болашағы – әрқайсымыздың қолымызда. Мәліметтері бойынша 60-тан 100 килограммға дейінгі макулатура 1 ағашты сақтап қалуы мүмкін деген тұжырым бар. Адамдар еңбек етіп, жұмыла жұмыс жасағанда ғана алға жылжу болады. Жастар –болашақтың жарқын айнасы- деп білеміз.