Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі

Кафедрада студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде студенттер жоғары жетістіктерге жетіп жатыр. 2024 жылы мамыр айының 3 күні «Студенттік ғылым – зерттеу әлемі» тақырыбындағы XXVI студенттік ғылыми-практикалық конференциясының ашылу салтанатында 6В07311- «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының студенттері Сман Анель Серікқызы және Болатбек Аружан Бакыткызына «Студент зерттеуші» біліктілігі берілді. Студенттердің ғылыми жетекшісі - Нұралы Жазира Утепәліқызы студенттерге зерттеу жұмысын жүргізуде бағыт - бағдар беріп, жетекшілік жасады.

Анель Серікқызы және Аружан Бакыткызы университетке келген сәттен білім алумен қатар ғылыми бағытта жұмыс атқарды. Ғылыми жұмысын зерттеу нәтижелері негізінде халықаралық, республикалық және университет деңгейінде конкурстарға қатысып, ғылыми мақалалары баспадан шығарылды.

Жер қатынастары, жерге орналастыру мен кадастр саласындағы өзекті мәселелеріне зерттеулер жүргізіп, алған білімін ғылыммен байланыстырып жүрген озат студенттеріміз жетістіктерге жетті.

жер орналастыру 1111

Кафедраның аға оқытушысы Нұралы Жазира Утепәліқызы

 

 

Top