Кездесу барысында салауатты өмір салтын ұстау қағидалары, жеке басының гигиенасы, дұрыс тамақтану режимі, аурудың алдын алу жағдайлары туралы толық мәлімет берілді.Салауатты өмір салты ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Кездесуде салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын деп айтып өтілді.
Қазіргі замандағы қоғамда денсаулық сақтауға байланысты жаһандық проблема суицид туралы тақырып қозғалып, суицидтің алдын алуға психологиялық қолдауды уақытымен іздеу, сондай-ақ суицидтік ойларды жеңу үшін қажетті шаралар, қауіпті белгілері туралы түсіндірілді.
Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынып, сұрақ жауаппен ұласты.
«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының аға кураторы Нұралы Ж.У.