"Сәулетші" студенттік ғылыми үйірмесінің (бұдан әрі-СҒҮ) жұмыс жоспарына сәйкес студенттік ғылыми үйірмемен «Тарихи сәулеттік ескерткіштердің сәулеттік деталдер мен фрагменттері» такырыбындағы уйымдастырып отырган шығармашылық жұмыстардың көрмесі өтті.Көрмеге Дулати студенттері, Жамбыл облысы және Тараз қаласының мектептері мен орта оқу орындарының бітіруші сынып оқушылары қатысты.
Көрменің өткізу мақсаты - Қазақстан тарихы мен сәулет ескерткіштерімен танысу, сәулет стильдерін, сәулетшілердің шығармашылығын зерделеу, мектеп және орта оқу орындары оқушыларының сәулет және құрылыс саласындағы зерттеу қызметіне деген зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту.
СҒҮ ғылыми жетекшісі: Ногайбекова М.Т.