Кәсіптік бағдар беру

2023 жылдың желтоқсан айының 1 жұлдызында «Су ресурстары» кафедрасының т.ғ.к., доценті Джурумбаева Рахима Абдрахманқызы және аға оқытушы Байжигитова Мадина Төреханқызы Тараз қаласының білім бөлімінің Мұхтар Ауезов атындағы №33 орта мектебіне барып кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қарастырған өзекті мәселесінің бірі «Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр» -деп айтып кетті. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Осы мәселені іске асыру барысында су мамандарының айтарлық орны бар екендігі, суға қатысты мамандықтарға көптеген гранттық орындар бөлінетіндігі қозғалды. Аталған міндеттерді жүзеге асыру – мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті, соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады. Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, су ресурстары мамандықтарына, атап айтатын болсақ «6В08615-Су ресурстарын басқару», «6В07301-Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру», «6В07302-Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын, яғни су ресурстары мамандықтарын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасады. 

Сол себепті біздің арнаулы оқу орнында кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде жыл бойы жүргізіледі. Оқу жылының басында кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, бекітіледі. Осы құрылған жоспарға сәйкес кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі мақсаттары мынадай: болашақ талапкерлер ішінен университетке қабылдау барысында су ресурстарына қатысты мамандықтарға таңдау жасау; университеттегі басқа да мамандықтарды насихаттау, бітіруші түлектерді дәріптеу, жарнамалау, танымал ету; мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдар жүргізудің жүйесін құру.

Кәсіптік бағдар беру жұмысын тиімді жүргізу мақсатында мамандықтар бойынша жарнамалық бейнероликтер мен слайдтар, буклеттер, үгіт – насихат топтары даярланды. Жоғарыда аталған оқытушылардан құралған кәсіби бағдар берушілер мектеп бітіретін 11 сынып түлектерімен кездесіп, су ресурстарына қатысты мамандықтар «6В08615-Су ресурстарын басқару», «6В07301-Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру», «6В07302-Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» туралы презентациялар көрсетіп, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Қорыта айтқанда, мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ал, сол кірпішті дұрыс қалауда кәсіби бағдар жұмысының атқарар рөлі зор. Кәсіптік білім берудің мақсаты мен маңыздылығында қазіргі заманауи кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мен білікті мамандарды даярлау қажеттілігі қарастырылған. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелі, мақсатты орындай білген кезде мол жетістікке жетеріміз анық.

2

3

4

5

«Су ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы, магистр

Байжигитова Мадина Төреханқызы

Top