Қайырымдылық ізгілік нұры

Қазіргі уақытта қайырымдылық адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің бірі болып табылады. Еліміздің әр азаматы мұқтаж жанға шын жүректен мейірім сыйлай алады.

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және 1 - 4 курс студенттері қайырымдылық іс шарасын ұйымдастырды. Іс шара өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында өткізілді. Негізгі мақсат орталықтағы бөбектерімізге, бүлдіршіндер мен жас жеткіншектерге ыстық ықылас пен жарқын көңіл - күй сыйлау еді. Кафедра ұжымы және студенттеріміз орталық тәрбиеленушілеріне әртүрлі танымдық ойыншықтар, қолөнер бұйымдарын жасауға арналған материалдар, тәттілер, жеміс жидектер қорабынан сыйлықтар апарды.

Іс шарамызды «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының директоры Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлының сөзімен бастадық. Институт директоры балақайларға ойыншықтар ұсынып, ізгі тілектерін білдірді. Студенттеріміз балақайларға коцерттік іс шара, ойын ойнатып, би билетіп керемет көңіл күй сыйлады.

Қайырымдылық жасауға барлығымыз асығып, жақсылық жасаудан жалықпайық. Қайырымдылық жасауға көлемді дүниенің қажеті жоқ, тек мейірімге, ыстық ықыласқа толы жүрегіңіз болса, болғаны.

«Жерге орналастыру және кадастр»

кафедрасының магистр, аға оқытушысы Нұралы Ж.У.

Top