Су – тіршілік көзі!

Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі, ол адамдарға және басқа да тіршілік иелеріне өмір сыйлады.

Суды қалай сипаттауға болады? Оның дәмі де, түсі де, иісі де жоқ. Мен күн сайын суды пайдаланамын: қолымды жуамын, душ қабылдаймын, тістерімді ысамын және сусын ретінде қолданамын. Сусыз өсімдіктер, жануарлар және адамдар тіршілік ете алмайды. Ежелгі адамдар өзендердің қасында не үшін қоныстанғанын түсіндім. Ол адамдарды ыстықтан сақтап, егін өсіруге көмектескен. Су болмаса адамзат қалай өмір сүретін еді? Мұны елестету өте қиын.

Қазіргі уақытта, еліміздегі әрбір үй сумен қамтамасыз етілген. Біз қалаған уақытымызда шай қайнатуға, кір жууға немесе үйді тазартуға мүмкіндігіміз бар. Мүмкін осыған байланысты судың қадірін түсінбейтін шығармыз? Біз оны үнемдемейміз, шүмекті (кранды) ұзақ уақытқа ашып қоямыз. Ал, Африка тұрғындары су тапшылығынан үлкен зардап шегеді екен.

Әлемнің кейбір мемлекеттерінде, бір су тамшысы, алтыннан құнды. Сондықтан, адамдар сусыз өмір жоқ екенін түсініп, оған құрметпен және қамқорлықпен қарағандығын қалаймын. Табиғат берген сыйды сақтап қалайық!

Біз өмір сүріп жатқан «Жер шары» атындағы осы ғаламшар бар мүмкіндігін барша тіршілікке тең болып ұсынған. Ғаламшар бізге ұсынған әрбір мүмкіндік адамзаттың ортақ құндылығы және байлығы болып табылады. Мысалы су. Кейін ауа және Күн... Бұлар - әлемнің үлкен байлықтары. Ішіп жүрген суымыз бен ауа математикалық көрсеткіштермен өлшеледі. Бір адамның іше алатын су мөлшері физиологиялық тұрғыдан бірдей. Денеміздің ауа және Күннен пайдалана білу мүмкіндігі де осы. Бірақ пайдаланған бұл құндылықтардың сапасына қарағанда жағдай мүлдем басқаша. Таза ауа, таза су әр адамның хақы.

Баршаға мәлім, тарих беттеріне қарағанда өркениеттердің су жағасында құрылғанын, өсіп бүкіл әлемге тарағаны белгілі. Су болмаса тіршілік те болмайды. Яғни, өркениеттердің су көздеріне жуық құрылуы және дамуы да бостан бос емес. Өйткені адам баласы судың тіршілік екенін әрқашан білген және өмірін оған лайықтаған. Қазір де әлем адам санының 60 пайызы өзендердің жағаларында өмір сүруде. Адам өмірі судың сапасына байланысты өзгереді. Бұған қарамастан су көздерінің тағы адам қолынан жылдам ласталуы да түсініксіз жайт. Қоршаған орта мамандарына қарағанда; өнеркәсіп қалдықтарын су көздеріне төгу нәтижесінде пайда болған кең қоршаған орта ластығы келешекте таза ауыз суына қол жеткізген кезде үлкен мәселелер туғызатын болады.

Жыл сайын 22 наурыз күнін “Әлем су күні” деп тойлаудың орнына «еске алу күні» деп атаған жөн болар еді. Тек қана бір күн су көздерін қандай жауапкерсіздікпен қолданғанымызды еске түсіріп, ертеңінде бұл тақырыпқа қатысты бар білгендерімізді ұмытып, бұрыңғы қателіктерімізді жалғастырамыз. Әлем су күнінде БҰҰ Бас хатшысы барлық адамзат үшін бір мәлімдеме жасады. Бас хатшы мәлімдемесінде «Жер шарының бар суын ақылмен қолдану үшін бұрыңғыдан да тығыз ынтымақтастық жасау керекпіз» дейді. Бас хатшының осы мәлімдемесі болашағымыздың «құнды су резервтерін қалай басқаратынымызға» қатысты екенін бүкіл әлемнің есіне түсірді. Бас хатшы адамзатқа ескерткен тағы бір тақырып болса 21-ші ғасырдағы мемлекет аралық қақтығыстардың сумен байланысты болатыны.

Әлемнің алдымыздағы 20 жылда су тапшылығы мен қуаңшылық қауіпіне душар болуы күтілуде. Мұны бағдарламаларымызда жиі айтатынбыз. Суды пайдалануға қатысты әртүрлі көрсеткіштер болса осы жағдайға қатысты мағлұматтар береді. Су ішпей көптегенде бір апта өмір сүре алатын адам баласы үйінде тікелей немесе жанамалы түрде 190 литр суды жұмсайды; жылдық су мөлшері 400 мың литрге жетеді.

Бір тонна бидай өндіру үшін мың тонна, бір тауықты жейтіндей қылу үшін мың 200 литр, бір кг. нан үшін 400-1200 литр аралығында су қажет.

Өндіріс саласына көз жүгіртетін болсақ, бір автокөлік өндіру үшін 150 тонна, 100 грамм шоколад үшін бір литр, бір журнал шығару үшін 9 литр, бір кг. дайын кофе үшін 20 литр, бір кг. темір өндіру үшін 100 литр су керек. Мысалдарға қарағанда ең маңызды тұс, тек өмір сүру үшін емес тіршіліктің әр сатысы үшін адам суға мұқтаж.

Осы айтылғандарға қоса, келесі жарты ғасырлық кезеңде жер шарының су қолданысы және сапасы аясында түрлі қауіптіліктер мен қорқынышты жағдайларға салғырт қарамауға тиістіміз.

Келешекте «ашаршылыққа душар боламыз» демейміз; бірақ кейбір қиыншылықтар болатыны анық. Болашақтағы астық қауіпсіздігін бүгіннен бастап кепілдікке алу керек. Бұл үшін әлем мемлекеттері жұмыстанып, ынтымақтастық шараларын нығайтуға тиісті.

Алдында да айтқанымыздай біз қаласақ та, қаламасақ та болашағымыз суға байланысты. Судың да сұрауы бар! Суды үнемдей білейік!

Top