УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты «Экология» кафедрасының 1 курс студенттері Дулати апталығының өтуіне байланысты университет музейімен танысты.

Таныстыру жұмыстарын музей қызметкері Қалабаева Ақсауле Тортаевна жүргізді. Университтің бас ғимаратындағы музей 6 залдан тұрады. М.Х. Дулатидың өмірбаяны мен университеттің тарихын, университетті басқарған ректорлардың жасаған жұмыстарын, музейге ескерткіш ретінде тапсырған сыйларын, жазған еңбектерін және музей жәдігерлерімен таныстырып, олардың қолданылу уақытын, тарихын баяндады. Онда қолданыстағы болған түрлі заттармен, әшекей бұйымдар, түрлі ыдыстар, дәрі сақтайтын және иіс су немесе әтір құятын ыдыстар, т.б. бұйымдар жетерлік. Бұдан бөлек университетімізде оқып жатқан және бітіріп кеткен түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен ғылым және спорт жеңімпаздары туралы ақпараттар да көп екен.

2

Студенттерді тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында осындай іс-шараларды жүргізудің маңызы зор.

Топ кураторлары:
6В05213-«Экология және табиғатты пайдалану» - Әлімхан Г.Ә.
6В05212-«Өнеркәсіптік мекемелердің экологиясы» - Уйсимбаева Ж.Т.

Top