ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӘҢГІМЕ

2021 жылдың 20 қазанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтының "Су ресурстары" кафедрасының аға кураторы Г.Е. Қожамқұлова және 2 курс кураторы Г. Ж. Қойшыбаева 6В08613- "Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру", 6В08614- "Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар", 6В08615 – "Су ресурстарын басқару", 5В080500- "Су ресурстары және суды пайдалану" білім беру бағдарламаларының 1,2,3,4 курс студенттерінің полиция қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастырды.

Полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме барысында студенттер үшін өте өзекті тақырыптарды қозғады: бұл әр азаматтың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтар, нашақорлық және оның салдары үшін жазалау шаралары.

WhatsApp Image 2021 10 22 at 13.33.27

Студенттер Таразда жиі кездесетін құқық бұзушылықтар туралы, темекі шегу, спирттік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарда әдепсіз сөйлеу үшін жазалау шаралары туралы сұрақтарға толық жауап алды.

Кездесу барысында ЮПБ аға инспекторы полиция майоры Ш.А. Юсупова "Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі", "Жастар ортасында суицидтің алдын алу", "Психобелсенді заттарды тұтынудың алдын алу туралы", "Дәлелді себептерсіз оқу сабақтарын өткізіп жіберуге жол бермеу туралы"тақырыптарын қозғады.

Бұл кездесу бейресми қарым-қатынас форматында өтті. Әрбір студент өзінің құқықтары мен жауапкершілігіне, қауіпсіздігіне, сондай-ақ полиция қызметіне қатысты кез келген сұрақты қоя алды.

Сонымен қатар, ювеналды полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы майор А.Узен қаладағы жастар қылмысының статистикасына егжей-тегжейлі тоқталып, студенттерді жатақханада да, одан тыс жерлерде де құқыққа қарсы әрекеттер жасаудан сақтандырды.

WhatsApp Image 2021 10 22 at 13.33.17

Сондай-ақ, олар есірткіге тәуелділік тақырыбын қозғады. Ол психотроптық заттар мен темекі қоспаларын қолданудың жағымсыз әсерлеріне ерекше назар аударды. Әркімнің есірткіден бас тартуы тиіс себептерін келтірді, білім алушыларға әртүрлі жағдайларда, оның ішінде оларға тыйым салынған заттарды немесе дәрілік препараттарды сатып алу немесе пайдалану ұсынылған жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі жөнінде ұсынымдар берді. Хабарламалар мен консультациялар қабылдау үшін жедел желі телефондарының нөмірлерін атады. Ішкі істер органдары өкілдерімен ынтымақтастық мұндай кездесулерді дәстүрге айналдырады деп үміттенеміз.

Іс-шара соңында студенттер құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды.

"Су ресурстары" кафедрасының аға кураторы Қожамқұлова Г. Е.

Top