2021 жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауында «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде басым бағыттардың бірі білім беру сапасын жақсарту болып табылды делінген. Осы жолдау аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі маусым айынан бастап жасөспірімдер арасында тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу, тәрбиелеу мақсатында «Өз өлкеңді сүй» атты тақырыптық үйірме ұйымдасырып келеді.
Студенттерге «Көне Тараз» ашық аспан астындағы саябағында археологиялық қазба жұмыстары жасақталған көрме ұйымдастырылып, экскурсиялық қызмет көрсетілді.
Г.Ә.Әлімхан
«Экология» кафедрасының аға оқытушысы