ПӘН ОЛИМПИАДАЛАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Жыл сайын 5В080500  «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығының студенттері пәндік олимпиадаларға қатысады.

Биыл 3 курс студенттері алдын - ала іріктеуден өтіп, 2021 жылдың 22-23 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында онлайн режимінде өткен 5В080500 – «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша XIII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, олардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Төменде олимпиада нәтижелері келтіріледі.

5В080500 «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша XIII Республикалық пәндік олимпиадаға 3 студент қатысты, оның ішінде 2 - қазақ, 1 - орыс тілінде: 1. Айнақұл Нұрсағат; 2. Жексенгалиева Аружан; 3. Югай Анастасия.

Олимпиада екі кезеңде өтті, бірінші кезеңде олимпиада қатысушылары "Гидравлика" және "Гидрология және ағынды реттеу" пәндері бойынша 50 тест тапсырмаларын орындады. Екінші кезеңде қолданбалы және ситуациялық тапсырмаларды шешу орындалды. Олимпиада қорытындысы бойынша құрметті III орынды "Су ресурстары" кафедрасының студенті Югай Анастасия иеленді. Студенттерді олимпиадаға дайындаған жетекші Әбдіров Мұратхан, ол студенттерді бір апта бойы тесттер мен есептер шығаруға дайындады.

 СУ РЕСУРСТАРЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ: КОЙШИБАЕВА Г.Д., АБДИРОВ М.

Top