ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Тараз өңірлік университетінің «Дінтану» бөлімі студент жастар арасында діни ағартушылық жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда жаһанды жайлаған діни экстремизм мен терроризм біздің елімізді де айналып өтпегені баршамызға мәлім. Ел президенті мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қарқынды жұмыстарының нәтижесінде елдегі діни ахуал тұрақты және халқымыздың ұйқысы тыныш деп айтуға болады. Осындай бейбіт өмір кешуіміз Қазақстан Республикасының  дін саласындағы мемлекеттік саясатын  жүзеге асыру  мәселелерін үйлестіретін негізгі бағдарламалық құжаттардың бірі – ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарлама екені бізге белгілі. Бағдарламаның басты мақсаты–діни экстремизм мен терроризмнің қауіпті көріністерінен жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсаттауниверситетімізде «Дінтану» бөлімі қызмет атқарады. Бөлімнің қызметі студент жастардың деструктивті сипаттағы діни ағымдардың ықпалынанқорғау жұмыстарын жүргізу.

Студент жастардың арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу мақсатында «Дінтану» бөлімінің меңгерушісі дінтанушы Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев2021 жылдың 31-наурызында Дулати университетінің «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының «Мелиорация және агрономия» кафедрасының оқытушысы Қоңыр Сандуғаштың ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне кураторлық сағатын өткізді.Кураторлық сағатта дінтанушы дін дегеніміз не, дінге қалай сауатты түрде келу керек, өзіңді мазалаған сұрақтарға дұрыс жауаптарды қайдан алуға болады сынды сұрақтарға жауап берді. Ол кісінің айтуы бойынша теріс ағымдағы діни ұйымдардың құрамына еніп, қоғамда бүлік туындататын ол көбіне дінге сауатсыз түрде бас сұққан адам болып табылады екен. Ата-бабамыздың бізге мирас етіп қалдырған діні үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, жан баласына қиянат жасамауға, ата-ананы сыйлауға шақыратыны мәлім. Олардың қалдырған діні қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарынан көрініс табады. Ұлы ел қорғаны бола білген, қызы ибалы да инабатты халқымыздың жолын ұстанған әрбір жас тура жолдан айнымасы хақ дейді Бахтияр Қаржаубайұлы. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы діни сауатсыздықтың салдарынан ел тыныштығының бұзылатындығын ерекше атап өтеді. Дінді бұрмалаушы ұйымдар, әртүрлі ағымдар, ҚМДБ тыңдауға тыйым салған уағыз айтушы тұлғалар, оқуға тыйым салынған кітаптар және instagram желісіндегі парақшалар жайында ақпараттандырды. Қазақстанның жарқын болашағы білімді, алғыр, отансүйгіш жастардың қолында екендігін және олардың елдің үкілеген үмітін ақтайтынына кәміл сенетіндігін атап өтті.

WhatsApp Image 2021 04 06 at 14.23.27 11

«МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ АГРОНОМИЯ»  КАФЕДРАСЫНЫҢ КУРАТОРЫ САНДУҒАШ  ҚОҢЫР

Top