БІЗ -ТАЗА ҚАЛА ҮШІН!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Қоғамда экологиялық құндылықтарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы» аясында 2021 жылғы 6 сәуір күні «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты, «Экология» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы мен студенттері сенбілік өткізді.

Сенбілік көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді. Гидрокешен аумағын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазартып шықты.

Шара соңында кафедра оқытушылары мен студенттері естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты

сенбілік1ex

Медиа-қызмет

Top