«ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ»

«Су ресурстары» кафедрасы аға кураторы Байжігітова Мадина Төреханқызының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, студенттердің сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 175 жасқа толып отыр. Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының  сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің  бар шындығын жырлады.

Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.      Жамбыл – ақыл ойдың алғыры , өзгеге  ұқсамайтын дара , оқшау бет – бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрә айтыс ақыны, әрә азаматтық әуеннің де ақыны.

Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың.

Презентация

 

«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Байжигитова М.Т.

Top