ҚОШ КЕЛДІҢ – ӘЗ НАУРЫЗ!

«Су ресурстары», «Мелиорация және агрономия» және «Экология» кафедраларының аға кураторларының ұйымдастыруымен «Қош келдің –Әз Наурыз» тақырыбында гидрокешен жатақханасында студенттерге арнап мерекелік ән-шашу және наурыз көже тарату мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Мерекелік кешімізді «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінің директоры Бейсембин К.Р. ашық деп жариялап студенттерге және қонақтарға тілегін айтты: Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!Наурызым қайта оралды аты аңыз,Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

Факультетіміздің қариялары студенттерге батасын беріп, белсенді студент қыздарымыз мың бұралып би биледі. Қашанда Құт - береке орнасын деп,Тойларда шашу шашу – салты елімнің.Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.

Алқа - жұртым, той - думан,Ортамызда ашайық.Ән мен күйді төгіп біз, Інжу маржан шашайық!Ән орындалады. Факультеттің белсенді жастары ұйымдастырған ән-шашу мерекелік концертіміз өте қызықты өтті.

Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез. Мерекеміздің соңында жатақхана студенттеріне наурыз көже таратылып студенттер атынан мың алғыс ұласты. Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын!

Дастарханға бата беріліп, наурыз көже таратылды.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыстың ұлы күніңде,

Ұлын оңға қонсын,

Менің берген бұл батам,

Алланың құлағына шалынсын!

Әумин!

Мерекелік Наурыз ән –шашу мерекеміз сәтті аяқталды. Іс-шараға қатысқан барлық қонақтарға алғыс айтамыз.

Іс-шараны ұйымдастырғандар: «Су ресурстары», «Мелиорация және агрономия» және «Экология» кафедраларының аға кураторлары Байжігітова М.Т., Даулетбай С.Д., ДжанаеваЖ.

«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Байжігітова М.Т.

Top