Мектеппен байланыс: маман даярлау талапкер таңдаудан басталады

«Экономика және құқық» факультеті биылғы оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру бойынша кешенді жоспар жасалған. Айқындалған негізгі үш бағыты мынадай:

  1. Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында жалпы орта және кәсіби білім беру орындарымен ынтымақтастық құру үшін Тараз қаласы және аудандардағы мектептер мен колледждерде ғылыми-педагогикалық байланысты күшейту мақсатында кездесулер, тестілеу пәндері бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар т.б. өткізу;
  2. Жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары үшін – ғылыми шаралар, олимпиадалар мен байқаулар, Ашық есік күндерін ұйымдастыру және өткізу, оларды оқуға түсуге тарту;
  3. ҰБТ жоғары балл алған оқушылар мен студенттермен байланыс орнату.

Факультет оқытушылары кешенді жоспардың бірінші бағытына сәйкес мектептермен тығыз байланыс орнату үшін төрт аудан, бір қала мектептерін аралап, кездесулер өткізді.

Атап айтсақ, Тараз қаласының: Жамбыл атындағы №5, Төле би атындағы №8, Керімбай атындағы №12 және №24, Тұрысов атындағы №53 гимназиялары, сондай-ақ №16, №17, №23, №25, №26, №27, №29, №34, №35, №36, №42, №50 және №59 орта мектептері, сонымен қатар «Парасат», «Тараз-Ғасыр», Жамбыл жоғарғы политехникалық, Тараз политехникалық, «Тараз-Сервис» колледждеріне барып, мектеп бітіруші түлектермен жүздесіп, мамандық таңдауда керекті кеңестер бергенін атап өту керек.

Сондай-ақ Байзақ ауданында – Н. Киікбаев атындағы гимназия мен Н. Ақшабаев атындағы, Түймекент пен Берікқара орта мектептерін, Байзақ колледжін аралап шықты.

Ал Т. Рысқұлов ауданында – Құлан гимназиясы, Т.Рысқұлов атындағы, №1 лицейлері, Ш. Уәлиханов атындағы, А. Бөкейханов атындағы, М.Горький атындағы және Қорағаты орта мектептерінде кездесулер өткізді.

Талас ауданында Д.А. Қонаев атындағы және С.Сейфуллин атындағы мектептерде, Жамбыл ауданындағы Тоғызтарау ауылының Төлеген Тоқтаров атындағы және Айша бибі мектептерімен де тығыз байланыс орныққан.

Әр ауданан біздің факультетке оқуға түсуге 25-30 түлектер, ал Тараз қаласынан 50-ге жуық түлектер тілек білдіріп отыр.

Облыстық білім басқармасының және қала мектептерінің ұйымдастыруымен тәрбие-құқық жұмыстары бойынша өткізілетін іс-шараларға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы түрлі құқықтық тақырыптарда дәріс оқып жүр. Биылғы оқу жылында білім беру мекемелерінен бітірушілерді университетке оқуға тарту мақсатында факультеттегі құқық және экономика білім беру бағдарламаларының танымалдығын арттыру үшін 2 ғылыми-танымдық конференция, 4 дөңгелек үстел, 1 пәндік олимпиада, 3 семинар, 20 кездесу ұйымдастырылды.

Барлық оқытушылар тарапынан университеттің кешегісі мен бүгінгісі, ғылыми жетістіктері, білім деңгейі, жүргізілген тәрбиелік іс-шаралары, жатақхана жағдайы жайында әңгіме-сұхбат жүргізілді. Тәжірибе алмасу мақсатында, университет студенттерін шет елдерге білім алуға мүмкіндік беретін Академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы да айтылды.

2 2

3

А. Қадырқұлов, Т. Маханов,

«Экономика және құқық» факультетінің оқытушылары.

Top