Ұлыстың ұлы күні

Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

17 наурызда  6В04112 – "Бизнес менеджменті", 6В04114 – "Мемлекеттік және жергілікті басқару", 6В04128–"Менеджмент" білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс студенттерімен "Наурыз мерекесі" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Ұлттық киімдегі білім алушылар осы мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып, өлең оқып, музыкалық нөмірлер ұсынды. Сондай - ақ, екі байқау - "наурыз-көже дайындау" (екі команда осы мерекелік тағамды дайындау үшін қолданылатын ингредиенттерді таңдады) және "Бәйге"викторинасы өткізілді. Қонақтар өткізілген іс-шараға риза болды.

 

Top