ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Осы тұрғыда  «26»  10  2023 ж. күні В20ТИППП-1 топ студенттері мен Рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихы туралы ашық кураторлық сағат өткізілді. Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын,қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

WhatsApp Image 2023 11 29 at 09.15.13

В20ТИППП-1-«Тамақ және өңдеу өндірсінің технологиясы және инженерингі»

 білім беру бағдарламасының 3 курс топ кураторы,
«Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының

қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Ержанова М.Е.

Top