УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мұражайына 2023-2024 оқу жылының әр жыл сайынғы жоспарлы жұмыстарының жүйелі жүргізу есебінде Технологиялық факультеті «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының В23 ТИППП-1,3  тобының білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен мұражайға экскурсия жургізілді.

Экскурсияның мақсаты студенттерге мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру.

Калабаева Аксауле: "Ежелгі Тараз Ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкері танымдық дәріс өткізді. Дәріс барысында білімгерлерге музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарих және мәдениет ескерткіштерінің тарихы, аңыз-әңгімелерін таныстыру арқылы  олардың  қызығушылығын оятты.

Таныстыру жұмыстарын музей қызметкері Қалабаева Ақсауле Тортаевна жүргізді. Университтің бас ғимаратындағы музей 6 залдан тұрады. М.Х. Дулатидың өмірбаяны мен университеттің тарихын, университетті басқарған ректорлардың жасаған жұмыстарын, музейге ескерткіш ретінде тапсырған сыйларын, жазған еңбектерін және музей жәдігерлерімен таныстырып, олардың қолданылу уақытын, тарихын баяндады. Университетімізде оқып жатқан және бітіріп кеткен түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен ғылым және спорт жеңімпаздары туралы ақпараттар да көп екен. Қолданыстағы болған түрлі заттармен, әшекей бұйымдар, түрлі ыдыстар, дәрі сақтайтын және иіс су немесе әтір құятын ыдыстар, т.б. бұйымдар жетерлік.

2

В23ТИППП-1,3  -«Тамақ және өңдеу өндірсінің технологиясы және инженерингі» білім беру бағдарламасының 1 курс топ кураторы,
«
Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының

қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Солтыбаева Б.Е.

Top