Кәсіби-бағдарлау жұмыстары

2023 жылдың қараша айының 22 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының т.ғ.к., қауымдастырылған проф. м.а. Рахманова Жансауле Сергеевна, аға оқытушы Юсупова Лаура Халидовна Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясына, №1 мектеп-гимназиясына, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясына, Сарыкемер мектеп-гимназиясына, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларына кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен және ҰБТ форматындағы өзгерістермен таныстырды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің барлық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша, соның ішінде аталған кафедраға қарасты 6В07211 - «Инновациялық текстиль» және 6В07116 - «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», 6В07511 - Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» және 6В07222 - “Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары” білім беру бағдарламалары бойынша толық түсіндірді. Мектеп түлектері университеттегі білім беру бағдарламаларына қатысты, туындаған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

2

3

Top