Кәсіптік бағдар беру

2023-2024 оқу жылының  22 қарашасында  «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 6В02111-Сән дизайны., 6В02113-Интерьер дизайны,6В02112-Жарнама дизайны білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатымен Жамбыл облысының Жамбыл ауданының орта мектептерін бітіруші оқушыларға арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға Жамбыл ауданының 11 сынып оқушыларынан 48 бала және 3 сынып жетекшілері қатысты.

Оқушыларға «Дизайн» мамандығының түрлі бағыттары туралы ақпараттар берілді, оқушылар кафедраның оқу-өндірістік кешенімен, арнайы аудиторияларымен, студенттердің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Дулати университетін таңдаған оқушыларға шығармашылық емтихандарды тапсыру ережелері туралы ақпарат берілді. Соңында оқушылардың сұрақтарына кафедраның ОПҚ жауаптарын берді.

Top