«ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ОЙШЫЛ, ФИЛОСОВ М.Х. ДУЛАТИ» М.Х.ДУЛАТИДІҢ 525 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

«Химия және химиялық технология» кафедрасының «6В05314-Химия» және «6В07115-Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен халқымыздың тұңғыш тарихшысы, ақын, көркем сөз шебері, майталман шешен, этнограф, философ, географ, оң саусағынан өнер тамған шебер, мəлімгер дипломат, əскери қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығын жастарға насихаттау және «Тұлға» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Ұлы ғалым, ойшыл, филосов М.Х. Дулати» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Шараның өту барысында 2-курс студенттері Ұзақбай Жандос және Кенжеева Оксана Шығыс тарихшыларының дүлдүлі, текті атаның ұрпағы М.Х. Дулатидің өмір жолын баяндап, “Химия және химиялық технология” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г.А. Сейтбекованың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бейне ролигі тыңдармандардың назарына ұсынылды.

Ш.Ә. Әлімжан, С. Сұлтан,  А.Кенжеқұл, А.Қ. Кеңесбек, Д. Андашов, А. Дадибаев, А.Д. Қуатбек  ғалымның парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» атты классикалық шығармасы мен «Жаһаннаме» атты дастаны Хайдар Дулатидің есімін əлемге мəшһүр еткен ең басты туындылары екендігін және бұл еңбектер бүгінде барлық мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі өшпейтін дүниежүзілік әдебиет мұрасының бірі екендігін баяндады.

Осылай ұлы баба мұраларын насихаттау арқылы орта ғасырлар тарихы бойынша ғылыми тұрғыда бізге жеткізуші ғұлама ғалым, ақын, қолбасшы, әрі дипломат М.Х. Дулати екендігін ұғындыру, әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде қазақ халқының өсу тарихы мен мәдениетін көрсету мақсатында өтікізілген бұл шараның жастардың рухани қалыптасуына  үлкен үлес қосады деген сенімдеміз!

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының қауымдастырылған

професоры, т.ғ.к.,

Сейтбекова Гульназия Аташбековна

Top