«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аа оқытушысы, химия магистрі С.А. Мамешова
Қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырады. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізуімен ерекшеленуде.
ХХІ ғасырдың басында дүниежүзілік интернет желісі экстремистік және террористік ұйымдардың ақпараттық қызметінің негізгі алаңына айналды. Бұл құбылыс ақпаратты онлайн таратудың тиімділігі мен ыңғайлылығына, географиялық шоғырлануына қарамастан ауқымды аудиторияны қамту мүмкіндігіне ие болып тұр. Сондықтанда жаңа технологиялардың даму ғасыры жастар арасында онлайн кеңістікте діни экстремизмнің алдын алудың тиімді тетігін құру қажеттілігін айқындады. Осыған орай 2023 жылдың 13 қарашасы күні Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға кураторы Саят Әлішеіқызы Мамешова мен аға оқытушы, магистр Роза Рыскелдіқызы Баданованың ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі шеңберінде түсіндіу. Кездесуге Дулати университетінің Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы-магистр Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы және 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының 2,4 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында тақырып жайлы арнайы бейнеролик көрсетіліп, жастардың интернет желісінде экстремистік материалдарды тануға және оларға қарсы тұруға бағытталған келелі ойлар ортаға салынып, тың ақпараттар айтылды. Кездесу өте жоғары дегейде өтті. Іс-шара соңында студенттердің сұрақтарына жауап берілді.
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аа оқытушысы, химия магистрі С.А. Мамешова