2023 жылдың 10 қарашасында «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасы Жамбыл облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі өкілдерімен «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктері, заңнамадағы өзгерістер және академиялық адалдық қағидалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара екі бағыт бойынша жүргізілді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл» және «Терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл».
Кездесуге Жамбыл облысы, Тараз қаласы Полиция басқармасы, 1 полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі, Ювенальдық полиция тобы, учаскелік полиция инспекторлары - аға УПИ полиция майоры Халматов Фарух Абдимуталович, полиция майоры Неметов Али, полиция аға лейтенанты Аманова Мадина Бахытовна, полиция лейтенанты Баймамыров Нұрәлі Манатович және де «6В07511-Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару», «6В07116-Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», «6В07211-Инновациялық текстиль», «6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттері қатысты.
Қоғамдағы негізгі мәселердің бірі – сыбайлас жемқорлық туралы сөз қозғалды. Пара беруші мен пара алушы бірдей жазаланатынын ескеру қажеттігін атап өтті. Және де өркениеттің басты індеті терроризм мәселесі қозғалды. Еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қатерді алдын-алу жолдары келтірілді.
Дөңгелек үстел барысында интернет арқылы жасалатын қылмыстар, алаяқтық, буллинг, адам саудасы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, құмар ойындар, қоғамдық тәртіп, бопсалау секілді мәселелер де қарастырылды.
ТМиС кафедрасынан іс-шараны ұйымдастырушылар: аға куратор Касымова Г.А., Рахманова Ж.С., Демеуова Г.Б., Тулендиева Г.О., Байдильдаева А.К.
Байдильдаева А.К.