СҒҮ-дің ашық отырысының қорытындысы бойынша үздік баяндамалары үшін бірінші орынға Жібек жолы мектеп-лицейінің оқушысы Ғани Шұғыла Ғаниқызы ие болды. Екінші орынды Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Сәбит Фатима Бауыржанқызы және Жібек жолы мектеп-лицейінің оқушысы Бетбай Жайна Қайратқызы иеленді. Үшінші орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Есентай Зере Қазақбайқызы, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің студенті Комардина Ангелина Николаевна және Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Кенжебек Айтолқын иеленді.
Барлық қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар,жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.
"Химик" студенттік ғылыми үйірмесінің осындай ашық отырысы жоспар бойынша оқу жылының әр семестрінде бір рет өткізіледі,келесі ашық отырысы келесі оқу жылының күзгі семестрінде болады.
Шинибекова Асем Абдула-хаимовна
"Химия және химиялық технология" кафедрасының
аға оқытушысы, техника және технология магистрі