«SCOPUS БАЗАСЫНЫҢ МЕТРИКАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

2021 жылдың 9 сәуірінде Дулати университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының 3 курс докторанты Г.Д.Джетписбаеваның ұйымдастыруымен «Scopus базасының метрикасы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар қонақтары «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және 1-3 курс докторанттары. Семинар аясында Scopus мазмұны, функционалдығы және құралдары туралы сұрақтар, баспа қызметі, деректерді визуализациялау, рейтинг бойынша журналды таңдау, жаңа ғылыми тенденцияларды қадағалау, әлеуетті серіктестер іздеу, гранттық өтінімдер туралы ақпаратты табу сынды бірқатар маңызды ақпараттар легі  қарастырылды. Ғылыми-әдістемелік семинарда жалпыға қол жетімді Scopus базасында индекстелетін журналдар тізімі, Scopus базасының метрикалары жайлы толық ақпараттар келтіріліп, олардың айырмашылықтарын көрсетті. Соның ішінде Impact Factor және Cite Score, SNIP, SJR, percentile, FWCI көрсеткіштерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтары атап өтілді.

Профессор-оқытушылар құрамы  және докторанттарды SCOPUS құралдарын қолдана отырып, өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жариялауға, талдауға және жоспарлауға ниет білдіріп, семинарға белсене қатысқаны үшін рахметімізді айтамыз.

Г.Д.Джетписбаева

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының 3 курс докторанты

Top