САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ЖӘНЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ

2021 жылдың 6 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы С.М.Кантарбаеваның  ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында және жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында» дәрігер мамандарының қатысуымен онлайн кездесу өтті.

Кездесудің басты қонақтары қалалық №8 Мейірім  емханасының дәрігері Раушан Ержанқызы,  Дулати университетінің медбикелері А.К.Асанова, А.Шайдозымова, сондай-ақ, «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, 1-3 курс студенттері.

Жас ұрпақты салауатты өмір сүруге  дағдыландыру, спортқа деген қызығушылықтарын тудыру, жұқпалы аурулардың алдын-алу, дені сау, салауатты ұрпақ қалыптастыруға тәрбиелеу қазіргі таңдағы басты міндет.

Ақ халатты абзал жандарымыз спорт- салауатты өмір сүрудің бірден-бір кепілі, еліміздегі пандемия жағдайында аса қырағылық, тәртіп пен тазалық шарттарының орындалуы бірінші кезекте екендігін кесіп айтты. Жұқпалы ауру түрлері, олардың алдын-алу, шымыр болудың түрлі әдіс-тәсілдері жайлы толық ақпараттар келтірілген бұл кездесудің жас буынға берері мол, септігі зор.

Презентация

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының аға оқытушысы 

С.М.Кантарбаева

 

Top