СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ХИМИЯДАН УНИВЕРСИТЕТ ІШІЛІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ

2021 жылдың 25 ақпанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Химия және химиялық технология" кафедрасында "6В05314-Химия", "6В07115-Химиялық инженерия және процестер", "5В060600-Химия", "5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламалары студенттеріне арналған химиядан университет ішілік пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты жастардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру және студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру болып табылады. «Химия және химиялық технология» кафедрасында пәндік студенттік олимпиада жыл сайын өткізіледі және осы жылы олимпиадаға 1-3 курс студенттері қатысты. Олимпиада 2 турда өтті. Бірінші турда қатысушылар "Жалпы химия", "Химия", "Бейорганикалық химия", "Аналитикалық химия" курстары бойынша тестілеуден өтті. Екінші турда студенттер жас ұрпақтың ғылыми қызметін жақсартуға бағытталған күрделілігі әртүрлі есептерді шешті. Жұмыстарды комиссия төрағасы Р.Б. Жарлықапованың басшылығымен қазылар алқасының құзыретті мүшелері Калмаханова М.С, Мадимарова Г.Б тексерді.

Жеке біріншілікте олимпиада жеңімпазы болып ең жоғары балл жинаған "5В05314-Химия" білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Үшкемпір Аружан танылды. Екінші орынға Батырбек Балым, Белякова Дарья ие болса, үшінші орынға Саткожаева Эльмира, Инкарбек Айша ие болды. Жеңімпаздар сәйкесінше, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталса, олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Г.Б.Мадимарова

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының оқытушысы

Top