Облыстық көлемде ұйымдастырылған «JARYQ» интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. Білім додасына өңірдің жоғары оқу орындарынан жиналған 10 командадан құралған 50 студент қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар логика, эрудиция мен жылдам ойлау қабілеттерін көрсетіп, әртүрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап берді. Тартысты өткен ойында студенттер өз білім деңгейін сынға салып, бәсекелестік рухын танытты.
Ойын нәтижесінде жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
- • 1-орын – «Фемида» командасы (сыйақы – 40 000 теңге)
- • 2-орын – «Ұя» командасы (сыйақы – 30 000 теңге)
- • 3-орын – «Хэтшот» командасы (сыйақы – 20 000 теңге)
Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!