ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС

Университет қабырғасында «Экономика және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен  «Есірткі қылмысына қарсы күрес!» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Байгелді, Жамбыл облысы ПД Анықтау басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Ж.Данков, Жамбыл облысы ПД Тергеу басқармасының басшысы, полиция полковнигі С.Уйсенбаев, Жамбыл облысы ПБ Жедел криминалистика басқармасының басшысы, полиция подполковнигі М.Конысбаев, Басқарма мүшесі - әлеуметтік мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек және студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтіп, қоғамға осы дерттің зардабын түсіндіру. Есірткіге қатысты ахуал, жасөспірімдермен және жастармен профилактикалық жұмыс әдістерін жүргізу.

Кездесу модераторы ретінде Басқарма мүшесі - әлеуметтік мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек  жүргізді.  Ол өз сөзінде, нашақорлық – бүгінгі күннің ең қауіпті тәуелділік дерттерінің бірі екенін жеткізді. Ол адам өміріне ғана емес қоғамға қауіпті екенін ескертіп, жауапты сала қызметкерлерімен бірлесе отыра, түрлі кездесулер ұйымдастырылып жатқаны жайлы сөз етті.

Кездесу барысында мамандар студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, «синтетикалық» есірткіден төнетін қауіп, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды түсіндіріп берді. Жастардың өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланды. Сонымен қатар, айтылған мәселелерді өздерінің жанындағы құрбылары мен достарына жеткізіп, оларды да есірткі мен алаяқтардан аулақ болуға шақырды.

Жиын соңында қызметкерлер толыққанды мағлұматтармен бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, білім алушыларға құқықтық кеңестер беріліп, өмірді жақсарту жолдарын таңдау әркімнің өз қолында екендігін жеткізді.

юрфак1111

юрфак2222

юрфак3333

юрфак4444

юрфак55555

юрфак6666

юрфак7777

юрфак8888

юрфак9999

 

Прочитано 26 раз
Top