СПОРТТЫҚ СПАРТАКИАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастамасымен студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық спартакиада ұйымдастырылды. Спартакиада «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен өтті.

Спартакиаданың мақсаты — қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселінің өршіп тұрғанына байланысты, жас буынға осы дерттің зардабын түсіндіру. Зиянды әдеттердің алдын алу арқылы дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы сөз алып, алаяқтар қазіргі таңда интернет арқылы жастарды есірткі таратып, несие алуға итермелейтіні жайында сөз қозғады. Интернет-дүкендер арқылы есірткі сатудың неге әкеліп соқтыратыны жайында мысалдар келтіріп, білімгерлерге өз болашақтарына балта шаппауға шақырды.

Спартакиадаға университеттің белсенді жастар ұйымдары мен факультеттері қатысып, түрлі спорттық сайыстарда бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды — «Фемида» жастар ұйымы еншілесе, екінші орынға — «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті ие болды. Ал, үшінші орын — «Du - Universe» жастар ұйымына бұйырды.

Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!  Әрі қарай кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

спорт1111

спорт2222

спорт3333

спорт4444

спорт5555

спорт6666

спорт7777

спорт8888

спорт99999

 

Прочитано 27 раз
Top