Университет қабырғасында Басқарма төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов еліміздің түрлі жоғары оқу орындарында өткен байқаулар мен білім саласына үлесін қосып жүрген білімгерлер мен қызметкерлерге марапаттарын табыстады.
Университет профессоры Күлжамила Жолдасова көп жылғы ғылыми-педагогикалық қызметі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі үшін «Үздік табыстары үшін, М.Х.Дулати» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің аға оқытушысы Гүлнұр Спаналиева «Білім беру саласының құрметті педагогі» республикалық байқауында І дәрежелі диплом және төсбелгімен марапатталды.
Дулати университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Маржан Калмаханова және кіші ғылыми қызметкер Ұлжан Қанатбектің жетекшілігімен IT лицей-интернатының 9-10 сынып оқушылары әзірлеген ғылыми жобалары 2025 жылдың 20–27 сәуір аралығында Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Королёв қаласында өткен «Адам – Жер – Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған ғылыми-зерттеу жобаларының XXV Халықаралық олимпиадасында Даниал Дүйсен мен Талант Пернебек І дәрежелі, Медина Мусин мен Сания Үмбет ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Журналистика мамандығының студенттері Нұрдаулет Мұса, Серіжан Темірбек және Назира Ғалымжанқызы MAQSUT NARIKBAEV университетінде өткен 17 Республикалық пәндік олимпиадада 17 университет арасынан «Ең үздік Instagram Stories» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Жетекшісі – Зәуреш Койгельдиева Алғыс хатпен марапатталды.
«Алғашқы әскери дайындық» кафедрасының студенттері Әкімжан Өтешов, Акмал Нуров, Алишер Естібаев ҚР Ғылым және білім министрлігі ұйымдастыруымен өткен 17 Республикалық пәндік олимпиадасында I орынды жеңіп алды. Жетекшісі – Досым Сейтжанов Алғыс хатпен марапатталды.
Орыс тілі мен әдебиеті бағыты бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өткен олимпиадада Дулати университетінің 3 курс студенттері Дана Жалпанова, Катерина Копылова және 4 курс студенті Илария Вавулиди жалпы командалық есепте ІІ орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, Илария Вавулиди жеке есепте ІІ орын алып, жеке марапатқа ие болды. Команданың жетекшісі – аға оқытушы Али Кадырбаев.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен пәндік олимпиадада Дулати университеті командалық есепте ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сүлеймен Демирель атындағы SDU университетінде Математика мұғалімдерін даярлау бағытында өткен олимпиадада жекелей есепте 3 курс студенті Арнұр Махмұтжанов және 2 курс студенті Карина Канапиева ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Командалық есепте де Дулати университеті ІІІ орынға ие болды. Команда құрамында – Арнұр Махмұтжанов, Дәурен Тәліпбек және Карина Канапиева болды. Жетекшілері – Ерік Баяндиев және Ақнұр Ермаханова Алғыс хатпен марапатталды.
Автоматтандыру және басқару бағыты бойынша Satbayev University-де өткен олимпиадада Дулати университеті ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Университет атынан қатысқан 6B07122 – «Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» бағдарламасының студенттері Дмитрий Торопов, Рамиль Якубов және Мұхамедәлі Сәскебай Алғыс хаттарға ие болды. Жетекшісі – Жанибек Шукаманов.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Биология мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша олимпиадада Дулати университетінің 3 курс студенттері Гаухар Қадыр және Анель Дауренбекова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, олимпиадаға қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталды. Жетекшісі – Ердос Султанаев Алғыс хатпен марапатталды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «В014 – География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы студенттер арасында XVII Республикалық пәндік олимпиадада 1 курс студенті Дима Медведев және 3 курс студенті Қайрат Жанелов қатысып, ІІІ орынға ие болды. Команда жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. А.Қ. Даменова.
Мұхтар Қазбекұлы олимпиадаға қатысқан студенттер мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіріп, ғылым мен білім жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.