РОБОТОТЕХНИКАДАН VII ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

«Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының ұйымдастыруымен “Робототехника” бағытындағы VII облыстық байқауы өтті.

Байқау барысында Басқарма мүшесі, ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Әуесжанұлы құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқаудың мақсаты – студенттер мен мектеп оқушылары арасында танымдық, интеллектуалдық және шығармашылық бастамаларды дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орта және жоғары білім беру жүйесіне ғылыми-техникалық прогресс пен робототехника жетістіктерін ілгерілету.

Биылғы байқауға Жамбыл облысы мен Тараз қаласынан 287 оқушы мен 123 жетекші қатысты.98 мектеп пен бірнеше колледж, соның ішінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі сынды беделді білім ошақтары қатысты.

Байқау төрт негізгі номинация бойынша өтті:

• Жоба (16–21 жас)

• Инверсия (10–15 жас)

• Сызық бойымен жарыс (10–15 жас)

• Триатлон (10–15 жас)

Сонымен қатар, қатысушылар «KazRoboSport-2025» республикалық чемпионатына іріктеу жүргізілген Robotrace және Сумо 10x10 номинацияларында да бақ сынады.

Байқау нәтижесінде:

Сызық бойымен жарыс категориясында Абдрахим Абдуалы мен Вазимиллер Артур және Стовбыра Даниил бірінші орынды еншіледі.

Инверсия категориясында Төленбек Нурислам мен Айнекова Айжан және Өмірәлі Бақдаулет пен Уәлихан Шерхан алдыңғы қатардан көрінді.

Жоба категориясында Абдрахим Абдуалы мен Вазимиллер Артур, Стовбыра Даниил үздік атанды.

Триатлон жарысында Уристембекова Зейне мен Бейбітқызы Кәусар бірінші орынды алды.

Байқау қорытындысы бойынша Тараз университетінің «Көп арналы талшықты-оптикалық желілер мен жүйелер» және «Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» білім беру бағдарламалары бойынша 2025-2026 оқу жылында ақысыз білім алу грантын Тараз шығармашылық орталығының 11 сынып оқушысы Третьяков Богдан жеңіп алды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті робототехника бағыты бойынша сапалы білім беруді ұсына отырып, мехатроникалық жүйелердің мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік береді.

робот111

робот222

робот3333

робот4444ъ

робот55555

робот6666

робот7777

робот8888

робот999

 

 

Прочитано 66 раз
Top