МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында жүзеге асып жатқан «Жеңіл өнеркәсіп материалдары мен бұйымдарының сапа зертханасы» жобасы бойынша мамандармен кездесу өтті.

Жоба жетекшісі Бекжан Абзалбекұлы 350 миллион теңге көлеміндегі гранттық қаржыландыруға өтінім беру аясында «3ARU» ЖШС директоры Тоқтасын Бақытжанқызымен кездесті. Кездесу барысында жобаны жүзеге асырудың №3 механизмі шеңберінде қоса қаржыландыру шарттары талқыланып, алдағы серіктестіктің негізгі бағыттары нақты анықталды.

Өз кезегінде, «3ARU» ЖШС директоры Т. Қаппарова компания тарапынан қой жүнінен жасалатын өнімдерді нарыққа шығару мен коммерцияландыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Бұл бастама – университеттегі ғылыми жобаларды нақты өндіріс саласына енгізе отырып, өңірлік жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған маңызды стратегиялық қадам болып табылады.

кез41111

кез2222

 

Прочитано 41 раз
Top