ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаның өзгеруімен күресіп жатқан әлемде таза энергия шығарындыларын азайтуда және сенімді энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл энергия шақырады» атты облыстық дөңгелек үстел өтті. Шара М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде ұйымдастырылды.

Жасыл энергия қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Сондықтан экологиялық таза энергия көздері болып табылатын энергия ресурстарына жатады. Қазіргі кезеңде «жасыл» энергия келесі салалардың өзара байланысты дамуына әсер етеді: жаңартылатын энергия көздері, энергияны үнемдеу, ресурстарды үнемдеу және қалдықтарды басқару.

Университетімізде ашылғалы жатқан білім беру бағдарламасы екі саланың тоғысында жұмыс істей алатын сұранысқа ие мамандарды дайындауды жоспарлап отыр: электр энергетикасы және ақпараттық технологиялар. Білім беру бағдарламасының мақсаты – студенттерге тиісті құзіреттіліктерге қол жеткізе отырып, жалпы, негізгі және бейіндік пәндерді оқыту болып табылады.

Шараға «Бурное Солар-1» ЖШС-ның техникалық директоры Кан Игорь, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы башысы Рашид Қойлыбаев, Экология департаменті басшысының м.а. Темір Смагулов қатысты. Спикерлармен студенттер өз ойларын ортаға салып, пікірталас жасады.

жасыл 11111

жасыл2222

жасыл33333

жасыл4444

 

Прочитано 74 раз
Top