МЕГА ЖОБАНЫҢ ЖЕТІ БАҒЫТЫ

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында зерттеу жұмыстарын жүргізетін жоба жетекшілері мен жауапты ғалымдармен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты –  қаржыландыру мөлшері 350 млн теңгені құрайтын коммерцияландыру жобаларының байқауына өтінім дайындауды үйретіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Кездесу Басқарма мүшесі - ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Әуесжанұлының бекітілген кестеге сай ұйымдастырылды. Жиын барысында мамандар университет ғалымдарына түрлі бағыттар бойынша су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су және жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру үшін инновациялық технологияларды әзірлеу, жаңа материалдар мен тамақ өнімдерін жасауға, ғылыми-технологиялық және инжинирингтік орталықтарын құру жайлы сөз қозғады. Ғалымдармен аталған жұмыстар бойынша байқауға өтінімдері берілгенге дейін, Коммерцияландыру бөлімі бағыт-бағдар көрсететінін жеткізді. Көзделген жобалар жүзеге асып, қолдау тапқан жағдайда, кәсіпкерлер республикалық деңгейде өндірісін дамыту мүмкіндігіне ие болады.

Кездесу соңында мамандар айтылған ұсыныс-пікірлер ескерілетінін жеткізіп, өз ойларын ортаға салды.

Прочитано 28 раз
Top