Дулати Университеті академиялық ұтқырлық аясында оқуға конкурс жариялайды!
Құрметті 1 және 2 курс студенттері!
2025-2026 оқу жылының 1 семестрінде академиялық ұтқырлық аясында оқуға конкурс жарияланады. Сіздің Еуропалық Одақ, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасының университеттерінде білім алуға мүмкіндігіңіз бар.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 14.03.2025 ж., 18:00 сағ.
Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша:
Халықаралық ынтымақтастық басқармасына Ы.Сүлейменов көшесі 7, (301 каб) мекен-жайы бойынша хабарласыңыздар.