ҒАЛАМТОРДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚ

Дулати университетінің қабырғасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Интернет алаяқтықтың түрлері мен жасалу тәсілдері. Алдын алу іс шаралары» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесуге студенттер, оқытушылар құрамы мен құқық қорғау саласының өкілдері қатысты.

Әлеуметтік жұмыс басқармасы және Жамбыл облысының полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастауымен өткен кездесуде жастарды шыншылдыққа тәрбиелеп, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Жиын басында басқарма мүшесі әлеуметтік - мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы сөз алып, интернет – алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да кем тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Ол киберқылмыстың бір түрі, сондықтан да интернет алаяқтықтың түрлері мен жасалу тәсілдерін уәкілетті орган түсіндіріп береді деп атап өтті.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Қошмағанбетов Мухаммед интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды. Қолында компьютер, смартфон, планшеті бар кез келген адамның кез келген уақытта ақпараттық жүйенің, соның ішінде интернет алаяқтардың құрбанына айнала алатынын ескертіп өтті.

Сөз соңында Жамбыл облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Қалыбеков Диас интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларына тоқталып, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Кездесу соңында студенттер спикерлермен еркін форматта пікір алмасып, алаяқтардан сақтану шараларын талқылады.

алаячк111

алаяк222

 

Прочитано 99 раз
Top