2025-2027 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің педагогы бар:
Алашбаева Лилия Жанабаевна – «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының и.о. қауымдастырылған профессоры, PhD докторы, «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту» бағыты бойынша ғылыми жобаның тақырыбы: Фитоэкстракт негізіндегі функционалды бағыттағы нан – тоқаш өнімдерінің ассортименттерін кеңейту (IRN. AP25793513)
Жас ғалымымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта тың жобаларды жүзеге асыруда табыс тілейміз!