Мадиев Сансызбай Шарапиұлының 60 жасқа толуына орай конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мадиев Сансызбай Шарапиұлының 60 жасқа толуына орай «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы баспа ісі: редакциялаудың және дизайнның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің деканы Гүлнұр Исабекова Болатбекқызы қатысып, Сансызбай Шарапиұлын М.Х.Дулати атындағы Тараз Университетінің  профессор – оқытушылар құрамы атынан құттықтады. Сондай-ақ, Басқарма төрағасы-ректор М.Байжұмановтың құттықтау хатын табыстады.

Бізде өз кезегімізде, мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз!

Прочитано 208 раз
Top