Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының, 2025 жылы 23 қаңтардағы №54 бұйрығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Биология» кафедрасының ұстазы Бекзат Момбаева Қонысалықызына «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Профессор дәрежесімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!