DU UNION ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Университет қабырғасында DU UNION президенті сайлауының жабылу салтанаты өтті.

Жиынға Тараз қалалық сайлау комиссиясының мүшесі Уалихан Байдуанов және Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек, студенттер қатысты.

Жиын барысында Уалихан Байдуанов құттықтау сөз алып, студенттердің белсенділігіне алғысын білдірді. Сайлау үдерісінің жастар арасындағы азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал ететінін айтып, жылы лебізін жеткізді.

Ал, Аслан Еділханұлы болашақта жастардың әлеуметтік және мәдени өмірін дамыту мақсатында университет тарапынан атқарылатын жұмыстар туралы сөз қозғап, студенттерге сәттілік тіледі. Сайлаудың қорытындысын жариялап, жеңімпазды құттықтады.

Сайлау нәтижесі бойынша 48,7% дауыспен Асель Тоқпанова жеңімпаз атанып, студенттердің қолдауына ие болды. Ал, университет студенттері сайлаудың әділ әрі ашық өтуін жоғары бағалады.

Жеңімпазды құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!

СС1111

СС2222

СС3333

 

Прочитано 163 раз
Top