РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ұлттық құндылықтарды ата-аналармен бірлескен жұмыстарда қалыптастырудың маңызы» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Семинарды ұйымдастыру комитеті: «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы және Тараз қаласының №41 «Айналайын», №25, №1, №30 «Назерке», №32 «Ботақан» бөбекжай-бақшалары.

Семинарға ЖОО ғалымдары, Астана қаласының «Бәйтерек», Алматы қаласының №28 бөбекжай-бақшалары, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандары қатысты.

Семинар мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке, ізгілікке ата-анамен бірлесе отырып тәрбиелеу арқылы, жас ұрпақтың рухани дамуын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздерін ашу.

Семинар барысында мамандардың шығармашылық белсенділігі мен тәжірибелік шеберлігін арттыру үшін ақпарттық сессия, шебер-сыныптар мен жобалық көрсетілімдер, психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Ұлттық құндылық» кабинетінің ашылу салтанаты жүзеге асты.

Семинар соңында қатысушылар жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдары туралы пікір алмасып, балалардың бойында ұлттық сана мен патриотизмді қалыптастырудың маңызды екенін атап өтті. Белсенділік танытқан мамандарға арнайы сертификаттар, 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдар, Алғыс хаттар және баяндамалары электрондық нұсқада жинақ ретінде таратылды.

рес сем111

рес сем2222

рес сем333

рес сем5555

 

Прочитано 286 раз
Top