Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің бастауымен Түркия, Таяу Шығыс, Румыния және Болгарияны қамтитын «Elsevier» барлау тобының шешімдерді сату жөніндегі менеджері Ясемин Солайемен онлайн форматта кездесу өтті.
Бас қосуға Басқарма мүшесі - ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев, бөлім басшылары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар қатысты.
Кездесу мақсаты – «Elsevier_SciVal» платформасының мүмкіндіктерінен туындаған ғылыми-зерттеулер арқылы кез – келген ғылыми ұйымның нәтижелерін көруге қол жеткізу. Сонымен қатар, мықты қырлары мен бағыттарын анықтап, стандартты есептерді құру барысында жетістіктерді салыстыру.
Кездесу барысында мамандар функционалдық мәліметтермен қатар, халықаралық жобалар мен ғылыми зерттеулердің қазіргі тенденциялары жайлы толық ақпараттармен қамтылды.
Кездесу соңында Сейтжан Әуесжанұлы «Elsevier_SciVal» платформасын талқылау үшін, университеттің профессор-оқытушылар құрамының басын біріктіріп, жиырма алтыншы ақпан күні кездесу ұйымдастырылатынын жеткізді.